Синоптиктер Қазақстанда 17, 18 және 19 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтар мәліметінше, алдағы күндері антициклон Қазақстанның көп бөлігін қамтиды, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің тек оңтүстік жартысына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтал бөліктер әсер етеді, найзағай мен жаңбыр жауады.
Республика бойынша желдің күшеюі де болжанған. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман күтіледі, 17-19 қыркүйекте 2-5 градусқа дейін аяз болады.
"Күндіз ауа температурасы күтіледі: республиканың батысында +20..+28, солтүстік-батыста +12...+23, шығыста +5...+20, оңтүстікте +20...+30, елдің солтүстігінде және орталығында +10...+ 20, оңтүстік-шығыста +17...+28 градус", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!