Қарағандының орталық мәдениет және демалыс саябағында "Тікұшақ" аттракционының кабинасы құлап, кабинада болған әйел мен бала ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Patriot Telegram арнасының хабарлауынша, оқиға 15 қыркүйек, жексенбі күні болған.
Оқиға орнында қалалық ішкі істер бөлімі мен Михайловский полиция бөлімінің қызметкерлері жүр.
Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров аталған жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Іс қозғалды. Тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Барлық мән-жай анықталып жатыр", - деді Бақытжан Құдияров.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!