"Қазгидромет" орталығы 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, баяу жылжитын антициклон Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын сақтайтын болады. Тек еліміздің шығысында фронтальды бөліктер әсерінен жаңбыр жауады.
Елімізде желдің күшеюі, батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл, солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.
Ұлытау облысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында да жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының шығысында, Алматы облысының орталығында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!