Мемлекет басшысы Сәт Тоқпақбаевты марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін мемлекет қайраткері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды", - делінген хабарламада.
Сәт Тоқпақбаев – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы, Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!