Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың төрт жылға сотталған інісі Бақытжан Байжанов Жоғарғы Сотқа берген өтінішін қайтарып алды, осыған байланысты ол қаралмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы ақпаратты Жоғарғы Сот берді.
"26 тамызда Байжанов сот актілерін қайта қарау туралы өзінің кассациялық өтінішін кері қайтарып алды, осыған байланысты өтінішті алдын ала қарау жүргізілмейді. Өтінішті қайтару туралы қаулы 2024 жылғы 4 қыркүйекте шығарылады", - делінген сот хабарламасында.
Бұл ретте өтінішті кері қайтарып алу себептері нақтыланбаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!