ҰҚК Шекара қызметі тамыздағы іс-қимыл нәтижелерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы тамызда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып: шекара кеңістігінде 4 985 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған адамды ұстады, оның ішінде:
36 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;48 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 746 заңсыз алып өту дерегінің алды алынды, соның ішінде:
48 – есірткі заттары; 103 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (11 түрлі мылтық пен тапанша, 99 бірлік суық қару, 464 оқ-дәрі); 27 – діни әдебиет (492 дана); 664 – жалпы сомасы 108 миллион теңгеден асатын жанар-жағар май материалдары (107 000 литрден астам); 729 – жалпы сомасы 3,5 миллиард теңгеден астам халық тұтыну тауарлары; 175 – жалпы сомасы 1,6 миллиард теңгеден астам валюта.
Каспий акваториясында 9 браконьерлік дерегінің алды алынды:
7 дана жүзу құралдары; 8,3 шақырым болатын браконьерлік аулау құралдары; 14 дана (50,5 кел) бекіре тұқымдас балықтар; 311 дана (716 келі) ұсақ тұқымдас балықтар; 38 дана су тасбақасы.
"Алды алынған залал сомасы 19,4 миллион теңге болады. Бұл деректер бойынша материалдар заңбұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді", - делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!