Телемұнараның медиафасадтарындағы мультимедиялық шоу 30 тамыз күні сағат 21.00-де басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала әкімдігі Алматыда Конституция күніне орай қаланың визиттік картасы Көктөбе телемұнарасының сәулеттік-көркемдік жарықтандыруы іске қосылатынын мәлімдеді.
Телемұнараны жарықтандыру төмендегі кесте бойынша жұмыс істейді:
күн сайын сағат 20.00-ден 2.00-ге дейін мұнараның өзінде динамикалық жарықтандыру қосылады;2.00-ден 5.00-ге дейін мұнара фондық прожекторлармен жарықтандырылады;мереке күндері сағат 21.00-ден 2.00-ге дейін мультимедиялық мерекелік бейнеролик қосылып, 2.00-ден 5.00-ге дейін прожектор қосулы болады.
Телевизиялық мұнара әртүрлі шашырау бұрыштары бар 185 TLOS-H прожекторларымен, сондай-ақ ғимараттың 10 деңгейін бірге жарықтандыратын жарық диодты модульдері бар жарық желілерінің медиафасадымен жабдықталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!