Telegram командасы мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуровтың ұсталуына қатысты алғаш рет пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мессенджер хабарламасында Дуров Telegram қызметіне қатысты тергеуден өтіп жатқанын растап, бірақ оған тағылған айыптарды "ақылға қонымсыз" деп атады.
"Telegram ЕО заңдарын, оның ішінде Цифрлық қызмет туралы заңды қатаң сақтайды - модерация салалық стандарттарға сәйкес келеді және үнемі жетілдіріліп отырады. Павел Дуровтың жасырары жоқ және ол Еуропада көп саяхаттайды. Платфома мен оның негізін қалаушы бұл платформаны теріс пайдаланушылар үшін жауапты деген ақылға қонымсыз. Миллиардқа жуық адам Telegram-ды қарым-қатынас және маңызды ақпараттың негізі ретінде қолданады. Бұл мәселе тез арада шешіледі деп сенеміз", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 25 тамызда "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің және Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты Париж әуежайында Француз арнайы қызметі ұстаған болатын.
Француздық LCI жаңалықтар арнасының мәліметінше, ол елге Әзербайжаннан ұшқан жеке бизнес-джет ұшақпен келген. Дуров есірткі саудасына және басқа да ауыр қылмыстарға ықпал етуші деген күдікке ілінді.
Француз БАҚ Дуровтың қамауға алынғанын хабарлады. Жақын арада ол сотқа тартылады және 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айта кетейік, Дуровтың Француз азаматтығы бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!