Көптеген қазақстандық Қазақстаннан Токиоға тікелей рейстің ашылуын күтіп жүр. Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінде осы әуемаршрутқа қатысты бірнеше жаңа мәлімет жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство Токиоға рейстерді ашу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны хабарлады.
"Осылайша, Air Astana және Japan Airlines екі әуекомпанияға да 2026 жылдың көктеміне жоспарланған Алматыдан Токиоға жаңа рейсте өз кодтарын орналастыруға мүмкіндік беретін кодшерингтік келісім жасасты. Бұл құжат іскерлік және туристік сапарлар үшін Қазақстан мен Жапония арасындағы әуе қатынасының мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ екі ел арасындағы жолаушылар мен жүк тасымалының өсуіне ықпал етеді", - деп хабарлады ААК.
Ведомство екі әуекомпанияның билеттерін жоспарлау және сату жүйелерін біріктіргеннен кейін маршруттар мен кестелер туралы толығырақ ақпарат беруге уәде берді.
Айта кетейік, былтыр мамырда Air Astana әуекомпаниясының президенті Питер Фостер тасымалдаушының жоспарын бөлісті.
"Келер жылы, яғни 2024 жылы наурызда Токиоға рейстерді ашу жоспарланып отыр", - деді сол кезде компания басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!