Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкімнің айтуынша, 2024 жылы 26 көшеде 23 шақырым жолға орташа жөндеу және 64 мың шаршы метр жол төсеміне ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта 6,6 шақырым жол және 43,3 мың шаршы метр асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Қалған жұмыстарды 2024 жылдың қараша айына дейін аяқтау жоспарланған.
"Бұдан басқа, 14,3 шақырым тротуарларды жайластыру және 17 шақырым арық желілерін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстарды биыл қарашада аяқтау жоспарланған. Қоғамдық көлік жұмысының сапасын жақсарту үшін 2024 жылы жылжымалы құрам 280-ден 351-ге дейін ұлғайтып, 21 маршрутта жылжымалы құрам жаңартылды", - деді қала әкімі.
Сондай-ақ, әкімнің мәліметінше, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында биыл наурызда 53 "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды. Жыл соңына дейін 750 жаңа бейнекамера орната отырып, бейнемониторинг жүйесін кеңейту жоспарланып отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!