Ақмола облысында сотта көрінеу жалған айғақтар беру дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көкшетау қаласы прокуратурасы сот актісін зерделеу кезінде куәнің көрінеу жалған айғақтар бергенін анықтады.
Полиция қызметкерлері көлік құралын мас күйде басқарған "A" есімді ер адамды ұстады.
Істі сотта қарау барысында сол түні құқықбұзушымен бірге ішімдік ішкен "B" есімді адам куә ретінде тартылды.
Алайда куәгер бұл деректі жоққа шығарып, сотқа көрінеу жалған айғақтар берген, нәтижесінде кінәлі адам жазадан босатылған.
Бұл ретте прокуратура жоғары тұрған сотқа сол түні ойын-сауық мекемесінде куәгер мен құқықбұзушы ішімдікті бірге ішкені жазылған бейнематериалдарды ұсыну арқылы, құқықбұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жауапкершілікке тартылды.
Көрінеу жалған айғақтар бергені үшін прокуратура бастамасы бойынша куәға қатысты ҚК 420-бабының 1-бөлігі (сотта куәнің көрінеу жалған айғақтары) бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.
Осылайша, ер адам куәдан қылмыстық іс фигурантына айналды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!