Air Astana әуекомпаниясы рейстердің кешігуі мүмкін екендігі туралы хабарлады. Әуежайда дауылдың салдарынан төрт ұшақ зақымдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әуе тасымалдаушысының мәліметінше, рейстер 8 тамызда Астанадағы дауыл мен бұршақ салдарынан кешігеді.
"Қазіргі уақытта әуекомпания бұршақ салдарынан төрт ұшақтың зақымдануын тіркеді. Әуекомпания инженерлері бірнеше күн қажет болатын қажетті тексерулер мен жөндеу жұмыстарын жүргізеді", – делінген хабарламада.
Тасымалдаушы жолаушыларға қолайсыз жағдайдың алдын алу үшін әуежайға барар алдында ресми сайтты тексеруді ұсынды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!