Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz мәліметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық балуан 77 келі салмақта белдесіп, бірінші айналымда колумбиялық Алексис Муньестен басым түсті. Есеп - 9:0.
Енді Жадыраев Олимпиаданың ширек финалында айқасады. Демеудің ендігі қарсыласы - қырғызстандық Ақжол Махмұдов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!