Tengri Sport сейсенбі, 6 тамызда Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы спортшыларының жарысқа қатысу бағдарламасын дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
13:30 Ескек есу, спринт, каноэде, 500 метр, ерлер арасында біліктілік. Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров қатысады.
13:50 Жеңіл атлетика, 110 метрге кедергілермен жүгіру, ерлер арасындағы жұбаныш раунд. Давид Ефремов қатысады.14:00 Ескек есу спринт, каноэде, 500 метр, әйелдер арасындағы біліктілік. Мария Бровкова мен Руфина Ысқақова қатысады.
14:00 грек-рим күресі 77 келіде, ерлер арасындағы финалдың 1/8 бөлігі. Демеу Жадраев пен Jair Alexis Cuero Munoz (Колумбия) бақ сынасады.
14:30 ескек есу спринт, байдарка, 500 метр, ерлер арасындағы біліктілік. Сергей Токарницкий мен Раматулла Бекарыс қатысады.
16:00 жылдамдыққа спорттық жартасқа өрмелеу, ерлер арасындағы біліктілік. Әмір Баймұратов қатысады.
00:14 (7 тамыз) жеңіл атлетика, 3000 метр - кедергілермен жүгіру, әйелдер арасындағы финал. Қазақстан атынан Нора Джеруто қатысады.
01:02 (7 тамыз) бокс, әйелдер арасында салмағы 50 келіге дейінгі жартылай финал. Назым Қызайбай мен Wu Yu (Қытай) жұдырықтасады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!