ҰҚК Астана мен Алматыда арнайы операция жүргізіп, екі миллиард теңгенің есірткісі тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шілдеде Астана және Алматыда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен өзара әрекетте және прокуратура органдарының үйлестіруімен 3 ірі есірткі зертханасының әрекетін жойды.
"Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Тінту барысында 93 келіден астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 келі прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды", - делінген хабарламада.
"Қара" нарықта тәркіленген есірткінің құны 2 миллиард теңгеден артықты болуы мүмкін. Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!