Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты кеден бекеті басшысының орынбасарына пара алу дерегі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеден бекеті басшысының орынбасары бола тұра Т. азамат Д-дан Ыстамбұл - Астана әуе қатынасы арқылы декларацияланбаған алтын бұйымдар мен дәрі-дәрмектерді кедендік шекара арқылы контрабанда ретінде әкелгені үшін 1 060 000 теңге көлемінде пара алған.
Сотталушылар кінәларын мойындап, шын жүректен өкінетінін жеткізді. Сондай-ақ, олардың кінәсі куәгерлердің айғақтары, сот-медициналық сараптамалар мен мамандардың қорытындысымен дәлелденген.
Сот үкімі бойынша Т., кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 60 еселенген сомасында (63 600 000 теңге) айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Сондай-ақ, сот Д.-ны да кінәлі деп тапты: ол мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 26,6 еселенген сомасында (28 196 000 теңге) айыппұл төлеуге міндетті.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!