Добавить новость

В Кемерове дорожная полиция остановила нарушителя на BMW

Количество жалоб на работу YouTube выросло за утро в семь раз

Число жалоб на работу видеохостинга YouTube за 2 дня превысило 15 тысяч

МВД сообщило о задержании главы «Военторга». Возбуждено дело о хищении бюджетных средств при исполнении госконтрактов





Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан мен Конго президенттері бірлескен мәлімдеме жасады

Қазақстан мен Конго президенттері бірлескен мәлімдеме жасады

Екіжақты келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы мен Конго Президенті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті, ең алдымен, өзінің шақыруын қабыл алып, елімізге ресми сапармен келгені үшін Дени Сассу-Нгессоға ризашылығын білдірді.

"Бұл сапар екі ел арасындағы қатынастарды дамытуға жол ашады. Құрлықаралық байланысты одан әрі нығайтуға ықпал етеді. Біз бірқатар маңызды мәселеге қатысты келіссөз жүргіздік. Мазмұнды әрі мағыналы кездесу болды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент қазір халықаралық саясатта және әлем экономикасында Африка мемлекеттерінің рөлі артып келе жатқанына тоқталып, бұл елдермен ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі бағыттың бірі екенін айтты.

"Біздің мемлекеттеріміз бір-бірінен алыста жатыр. Соған қарамастан тығыз қарым-қатынас жасауға дайынбыз. Конго Республикасының өзара тиімді ықпалдастық орнатуға деген ниетін толық қолдаймыз. Биыл Астана мен Браззавиль арасында дипломатиялық байланыс орнағанына 25 жыл толды. Осы кезеңде достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынасымыз нығая түсті. Оны тың қарқынмен дамытуға мүмкіндік бар", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дени Сассу-Нгессомен аталған мәселені талқылап, маңызды келісімдерге қол жеткізгенін мәлімдеді. Қазақстан Президентінің айтуынша, мұның бәрі саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандыруға ықпал етеді.

"Біз ауыл шаруашылығы, өндіріс, көлік-логистика және энергетика саласына қатысты келіссөз жүргіздік. Сондай-ақ жаңа технологиялар, қазба байлықтарын бірлесіп игеру, инвестиция мәселесін талқыладық. Мен Қазақстанның электронды үкімет, киберқауіпсіздік және ғарыш саласындағы жетістіктеріне тоқталдым. Екі ел үкіметтеріне өзара сауда-саттық көлемін арттыру үшін нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма беруге келістік. Қазақстанның Конгоға дәнді дақылдарды экспорттауға қатысты әлеуеті мол екеніне назар аудардық. Өздеріңізге мәлім, екі елдің де табиғи ресурстары мол. Темір, фосфат, боксит және басқа да сирек кездесетін минерал кеніштерін барлау және игеру үшін бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Қазақстан кәсіпкерлері Конгоның тау-кен саласын зерттеуге дайын екенін келіссөз барысында атап өттім", – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің көлік-логистика саласындағы қарым-қатынасы жан-жақты талқыланғанын жеткізді.

"Конго Республикасы – Орталық Африка аймағының қақпасы, ал Пуэнт-Нуар порты – осы қақпаның кілті. Бұл теңіз айлағының мүмкіндіктері өте жоғары. Қазақстан осы порттың әлеуетін пайдалануға мүдделі. Біз өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға барынша күш салуымыз керек. Сондықтан мен Конго Республикасының басшылығын, кәсіпкерлерін келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумына шақырдым. Олар форум кезінде Қазақстанның экономикалық әлеуетімен таныса алады", – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Астана мен Браззавиль арасында мәдени-гуманитарлық байланыс орнату өте маңызды деп санайды. Қасым-Жомарт Тоқаев Конго жастарына Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуды ұсынғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар екі ел халықаралық және аймақтық деңгейде тығыз қатынас орнатқанына және көптеген өзекті мәселеге қатысты ұстанымдары ортақ екеніне назар аударды.

"Жаһандық және өңірлік құрылымдар аясында ықпалдастығымыз дамып келеді. Қазіргі геосаяси жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Африка Одағы аясында өзара қолдау көрсету және консультациялар өткізу аса маңызды.Сонымен қатар біз жаһандық және аймақтық қауіпсіздікке қатысты пікір алмастық. Қазір ең өзекті мәселенің бірі – климаттың өзгеруі. Біз осы қатермен бірге күресіп, тығыз жұмыс істеуге келістік. Мен Конго басшысының орман өсірудің және орманды қалпына келтірудің жаһандық онжылдығын жариялау туралы бастамасын қолдаймын", – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дени Сассу-Нгессоның елімізге сапары тарихи маңызға ие екенін айтты.

"Бұл сапар Қазақстан мен Конгоның қарым-қатынастарына тың серпін береді деп санаймын. Сонымен қатар Орталық Азия мен Африка арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсуге ықпал етері сөзсіз. Біз бір-бірімізді қолдап, табысқа бірге жететінімізге сенімдімін", – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Конго Президенті Қазақстанмен энергетика саласы бойынша байланыс орнатудың перспективасына баса назар аударды.

"Конго экономикасы мұнай өнеркәсібіне негізделген. Қазақстанның осы салада тәжірибесі мол. Бұдан бөлек пайдалы қазбалардың өзге де түрлерін игеруде ықпалдастық орната аламыз. Бұл орайда Конгоның энергетика секторы қазақстандық операторларға зор мүмкіндік ұсынады", – деді Дени Сассу-Нгессо.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

Мужчина пострадал при попытке поджога МФЦ на юго-западе Москвы

Грузовик выехал на ж/д пути перед поездом Новый Уренгой — Москва в Прикамье

Роскачество выявило фальсификат в меде отечественных производителей

Широкая совместимость и стабильная беспроводная связь – 7 новых мышей от A4Tech

Музыкальные новости

Тихое предательство "друзей" России. Депутат не стал молчать

Антонов указал на попытку США учить РФ и Китай правильному поведению в сфере ЯО

Автобусы с освобождёнными россиянами покинули аэропорт Внуково-2

Уроки анимации в Екатеринбурге

Новости России

Газпромнефть-Ноябрьскнефтегаз ввел в промышленную разработку Новое месторождение в ЯНАО

Игровую программу и кинопоказ для детей провели в ДК «Русь» в Чехове

Ветер перемен: в Покровском-Стрешневе началось строительство первых домов мультиквартала CITYZEN

Готовность детского сада № 25 на Парковой улице в Щелкове достигла 65%

Экология в России и мире

Выбросить и забыть: какая обувь портит ваш образ

Коллекция Pennyblack FW-2024/25 (осень-зима 2024)

Сотрудник СЛД «Москва-Сортировочная» филиала «Московский» компании «ЛокоТех-Сервис» принял участие во II Слете лидеров молодежных советов компаний.

Купольная сказка-спектакль на острове Ольхон на Байкале - Театр и Цирк, Культура и Концерт, Россия и Дети

Спорт в России и мире

Даниил Медведев вышел в третий круг теннисного турнира Олимпиады-2024

Рейтинг ATP. Рублев обошел Рууда, Берреттини вернулся в топ-50, Нишиока поднялся на 36 строчек

Российские теннисистки продолжают проигрывать в Париже. Они устали к Олимпиаде

Теннисист Даниил Медведев прекратил борьбу за медали Олимпиады

Moscow.media

На Колчимском камне

В России разработали наноисточник фотонов для электроники

iSpring добавила субтитры в конструктор курсов iSpring Suite

Филиал № 4 ОСФР по Москве и Московской области информирует: 2,5 млн жителей Москвы и Московской области получили пособия по временной нетрудоспособности с начала 2024 года











Топ новостей на этот час

Rss.plus






Певица Ольга Орлова показала фигуру в бикини без фильтров

Метеоролог рассказала о погоде в Москве на 3-4 августа

Москвичи подали более 14 тыс. заявок на согласование планировки за полгода

«Запрет» Пугачевой действует: Наджиев о «криминальном авторитете» шоу-бизнеса