Синоптиктер 1, 2 және 3 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтар мәліметі бойынша, республиканың барлық аумағында дерлік тұрақсыз ауа райы сақталады, күн күркіреп, жел күшейеді, жаңбыр, бұршақ жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
"Елдің батысында күндіз ауа температурасы +31...+36 градусқа дейін көтеріледі, республиканың қалған бөлігінде температураның біртіндеп төмендеуі күтіледі", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!