Ақтөбе облысында жарты миллион теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, полицияға Ақтөбе тұрғыны бопсалау дерегі туралы арызданған. Тергеп-тексеру барысында аудандардың бірінде жәбірленушінің көлігі бұзылған кезде оған белгісіз адамдар келіп қорқытып, ұрып-соғу арқылы ақша талап еткені анықталды.
"Күдіктілер автокөліктен арнайы киімнің 13 жиынтығын алып кетіп, оларды қайтару үшін 500 мың теңге талап еткен. Арнайы бөлімше жауынгерлерінің қатысуымен жедел іс-шараларды өткізу барысында Ақтөбе облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Хромтау қаласының бес тұрғынын анықтап, ұстады. Заттай айғақтар тәркіленді", - делінген хабарламада.
Бопсалау дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!