"СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы ауысты. Бұл қызметке Еркен Жакатай тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Еркен Исаханұлы Жакатай "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
"Автоматика және басқару жүйесі" мамандығы бойынша Қазақ ұлттық техникалық университетін (1994 жылы), "Қаржы және несие" мамандығы бойынша Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (2001 жылы) бітірген.
Мемлекеттік (ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі), квазимемлекеттік ("Қазына" Тұрақты даму қорының "Даму "Қоры" АҚ, ҚР "Ұлттық медициналық холдингі" АҚ, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігінде) және жеке секторда 30 жылдан астам басшылық жұмыс өтілі бар.
2021 жылдан бастап тағайындалғанға дейін жеке секторда жұмыс істеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!