Париждегі жазғы Олимпиада ойындары жалғасады. Бүгін отандастарымыз 9 спорт түрінен жарыс жолына шығады. Қазақстандықтар ойындарды Qazsport, Qazaqstan, "Хабар", "Ел Арна" және Jibek Joly арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады, - деп хабарлайды msports.kz.Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль алды. Ал Олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста жеңіп алған еді. Жалпыкомандалық есепте 6-орында тұр.
Бүгін жарыс жолына шығатын спортшыларымызға сәттілік серік болсын.• Семсерлесу. 12:00. Жекелей сабля. Әйелдер, 1/32 финал:Әйгерім Сарыбай – Хайма Бенадуда1/16 финал – 13:25. / 1/8 финал – 17:05. / 1/4 финал – 18:55. / 1/2 финал – 22:00. / 3-орынға талас – 23:50. Финал – 00:45. QazSport. Хабар• Академиялық ескек есу. 12:30. Ерлер. Жекелей. Е финалы:Владислав Яковлев – Ел Арна• Оқ ату. 12:15. 10 метрден пневматикалық тапанша. Іріктеу:Ирина Юнусметова/Никита Чирюкин• 12:30. 10 метрден пневматикалық винтовка. Финал. ӘйелдерАлександра Ле• Садақ ату. Командалық сайыс, Ерлер, 1/8 финал:13:16. Италия – Қазақстан. QazSport• Дзюдо. 13:00. Ерлер, 73 кило.Данияр Шамшаев – Ел Арна, Хабар• Теннис. 15:00. Жұптық сын. Ерлер. Бірінші айналым:Александр Бублик/Александр Недовесов – Тьяго Монтейро/Тьяго Уайлд• Бадминтон. 18:40. Топтық кезең. Ерлер:Дмитрий Панарин – Брайан Ян• Үстел теннисі. 23:00. Жекелей сын. Ерлер. 1/16 финал:Кирилл Герасименко – Тиагу Аполония/Данг Чю• Бокс. 00:04. Ерлер, 63,5 кг. 1/8 финал:Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Чу Ен Лай• 00:52. Ерлер, +92 кило. 1/8 финал:Қамшыбек Қоңқабаев – Аюб Гафда Дрисси Эл АссауиQazaqstan. QazSportСілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!