Астана прокуратурасы мемлекетке 55 жер телімдерін қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана прокуратурасы мемлекеттің мұқтаждығы үшін жер телімдерін алу туралы сот актілерінің орындалуына талдау жүргізген.
"Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірі ақшалай өтемақы алып, қаланы абаттандыру үшін 50 жер телімдерін мемлекетке беру туралы сот шешімін 2 жыл бойы орындамаған.
Тағы бір жеке тұлға өтемақы алып, 4 мың балаға білім беруге арналған мектеп салу үшін жер телімін мемлекетке беру туралы сот шешімін бір жыл бойы орындамаған", - делінген хабаламада.
Жоғарыда аталған сот актілері прокурорлық қадағалау актісі негізінде орындалып, жер телімдерін мемлекетке беру жүзеге асырылғаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!