Түркістан облысында мопед жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауына бақылау күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Биыл өңірде мопедтердің қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
"Сондықтан полиция қызметкерлері осы көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауын бақылауды күшейтті. Нәтижесінде жыл басынан бері мопед жүргізушілеріне қатысты 325 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 16 жасқа толмағандардың ата-аналарына 12 хаттама түзілген", - делінген хабарламада.
Полиция мопед иелері мен облыс тұрғындарына жолдағы әрбір қадамды аңдап басуға, жауапкершілікке шақырады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!