Ақтөбе тұрғындары музыкалық фестивальге тегін билет аламыз деп дүрбелеңге түсті. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала тұрғындарының айтуынша, фестивальді жергілікті блогер Гүлнұр Жұмағалиева ұйымдастырған. Ол хедлайнер ретінде қазақстандық жұлдыздарды шақырған. Блогердің өзі әлеуметтік желіге видео түсіріп, мұндайды күтпегенін мойындады.
"Мен есеңгіреп қалдым. Бұл қалыпты өтеді деп ойладым. Әйелдер, балалары бар аналар, сіздер не болып жатқанын көріп тұрсыздар ғой, қайда барасыздар. Мен бұл концертке 18+ жас шектеуі барын жаздым ғой", - деп түсіндірді ол.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті халықты дүрліктірген оқиғаны ұйымдастырушымен "профилактикалық әңгіме" өткізуге уәде берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!