ІІМ жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау жөніндегі қызметтердің жаңа бағасын бекітті. Бұйрық 2024 жылдың 24 маусымында күшіне енді, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Жаңа тәртіпке сәйкес6 құжаттарды дайындау құны (ҚҚС-сыз):
жүргізуші куәлігі - 4 367 теңге;көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік - 2 250 теңге;мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері - 3 923 теңге (жиынтық үшін);
"ТРАНЗИТ" мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері - 126 теңге.
Сондай-ақ, құжатта құжаттарды дайындау жүйесінің интеграцияланған деректер банкін жинақтау және жүргізу, процестерді есепке алу бойынша жұмысты автоматтандыру, ішкі істер органдары үшін бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу құны 747 563 358 теңге мөлшерінде белгіленген.