Астанадағы мектептердің бірінің маңында ер адамды аяусыз ұрып-соғу сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ер адамның соққыға жығылған видеосын оқырмандар редакция нөміріне жолдады. Кадрда екі ер адамның төбелесіп жатқанын, сосын оларға үшінші адамның жүгіріп келіп, ұрып-соғуды жалғастырғанын көруге болады. Кейін төбелеске тағы бір адам қосылады. Соққыға екі әйел мен бір бала қарап тұрғады.
Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысушылардың анықталып, полицияға жеткізілгенін хабарлады. Денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!