Ақтаудағы МАЭК ЦУВС-4 резервуарларындағы су деңгейі өте төмен деңгейде. Кәсіпорын мұның немен байланысты екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі InАktau мәліметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта МАЭК-те 8 тұщыландырушы қондырғы жұмыс істейді. Олардың максималды өндірісі бүгінде 46 мың текше метр болады, бұл максимумнан 6 мыңға төмен.
"Соңғы күндері сыртқы ауа температурасы 40-42 градус, теңіздегі судың температурасы да артып келеді. Судың бұл температурасы тұщыландыру процесіне әсер етеді. Қазір өндіріс тәулігіне 46 мың текше метр болады. Біз үшін теңіз суының оңтайлы температурасы +15...+16 градус болар еді", - дейді "МАЭК" ЖШС директорының бірінші орынбасары Сәбит Желкүшінов.
ЦУВС-4-те қазір резервуарларда 3,4 мың текше метр су бар. Төтенше деңгей - 3 мың текше метр болады. Коммуналдық қызметтер үнемдеу режиміне кірді. Қазір резервуарларға су жиналып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!