Оралда бес жасар бала көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы терезеден құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы басылым Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті ақпаратына сілтеме жасай отырып жазды. Қайғылы оқиға жексенбіде кешке болғаны айтылды.
"Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Тергеу жүріп жатыр", - деді полицейлер.
Бұл бір күнде болған екінші дерек екені нақтыланды.7 шілдеде түс ауа тағы бір бес жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.
"Бала облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесіне жатқызылды. Оның жағдайы орташа ауыр дәрежеде деп бағаланады", - делінген материалда.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!