Қырғызстанда қаза тапқан төрт қазақстандық баланың денесі Өскеменге жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО әкімдігіне сілтеме жасап.
"Бүгін қаза тапқандардың денесін Өскеменге арнайы бортпен жеткізді. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған өңірдің барлық қызметтерінің мамандары жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Жергілікті атқарушы органдар мен мешіт қызметкерлері жерлеу рәсімін ұйымдастып, өткізуді өз мойындарына алған. Өңірдің кәсіпорындары мен бизнес өкілдері отбасыларға көмек көрсетуге дайын екендерін білдірді. Еске салайық, Қырғызстанның Ош облысының Ноокат ауданында жұма, 28 маусымда жойқын сел жүрді. Қаза тапқандар арасында қазақстандық балалар да бар. Қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен туыстарына қонаққа барған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!