Павлодар облысындағы орталығындағы көшелердің бірінде скутер ЗИЛ көлігімен соқтығысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Скутер жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.
Бұл туралы Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Скутер жүргізушісі көшеде ЗИЛ көлігімен соқтығысқан. Ол алған жарақаты салдарынан сол жерде көз жұмды. Аталған оқиға бойынша тергеу-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді департамент өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!