Добавить новость

"Это просто катастрофа": Кеннеди-младший подвёл итог американских санкций

Фаервумен загорелась во время празднования Дня молодежи в Люберцах

Посол России сообщил о переговорах с ЦАР по созданию российской военной базы

МЧС: Пожар на площадке по утилизации отходов начался в Нижнем Новгороде

Газета «Инфо-Цес» (г. Астана, Казахстан)


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Сәби күтіп жүргенде

Сәби күтіп жүргенде

Жас аналарға арналған ақыл-кеңес.
Жаңадан үйленіп, жүкті болған жас аналардың білгісі келетін сауалдары көп. Соның кейбірі: екіқабат кезде қандай тағамды жеген пайдалы, мұндай уақытта тұмаудың тиюі қауіпті ме, токсикоз басталғанда сыраға, арақ-шарапқа құмартса, не істеу қажет және т. б. мәселелер. «Әйел денсаулығы» үн парағында мамандар жүкті әйелдің ем-дәмінің әрқайсымыздың ұтымды тамақтануымыздың тәсілдерінен өзгеше ерекшеленбейтінін, тұмаудың қауіпті екенін, жүкті кезде арақ-шарап, сыраны мүлдем ішпеу керектігін айтады. Сонымен, сәби күтіп жүрген жас аналарға арналған дәрігер-мамандардың ақыл-кеңесіне назар аударалық.
«Әйелдің құрсағындағы жаңа өмірге байланысты дәрумендерге, минералдық қосылыстар мен ақуыздарға қажеттіліктің артатыны белгілі. Соның салдарынан қажетті энергия мөлшері де артады. Бірінші триместрде калорияның бір күндік қоданылуы 150 ккал-ға ұлғаяды, кейінгі екі триместрде күніне орта есеппен 3500-ккал-ға дейін артады.
Жүктілікте тамақтану
Кальций және фосфор – дұрыс даму үшін
Жүктіліктің алғашқы айларында осы заттардың маңызы зор болғандықтан, дәрігерлер олардың тағам құрамында жеткіліксіздігін ескере отырып, қосымша дәрі-дәрмек тағайындайды. Көбінесе әйелдердің сол дәрілерді ішуге құлықсыздығы байқалады, бұл дұрыс емес.
Жалпы, жүктілік кезінде тамақтану пирамидасының аса маңызды құрамы – кальций және фосфор болып саналады. Мүмкіндігінше, құрамында осы заттары бар тағамдарды жеген дұрыс. Кальций – адамның сүйек жүйесінің негізгі элементі. Сонымен қоса фосфор ағзада энергияны сақтаумен айналысады. Ағзаны бір күнге фосформен және кальциймен қамтамасыз ету үшін бір литр сүт немесе одан өндірілетін өнімдерді тұтыну жеткілікті болады. Сондай-ақ, осы элементтердің жақсы көзі: жемістер, көкөністер және ұн өнімдері болып табылады. Жұмыртқа мен балықтың құрамында болатын темір туралы да ұмытпау керек.
Ақуыз – өсу үшін алмастырылмайтын қоректік зат.
Сондай-ақ, ақуыз анасының құрсағындағы баланың дамуы үшін өте маңызды. Оның арқасында бала өсе алады.
Жеңіл сіңірілетін ақуызды мал өнімдерінен де, жұмыртқа, тауықеті, ірімшік, балы, сиыр еті тәрізді тағамдардан да, өсімдік өнімдерінен де: сұлы, жүгері, бидай қауыздарынан, макароннан немесе қоңыркүріштен табуға болады. Көкөністер мен жемістерді үнемі қолдануды да ұмытпаңыз.
Ем-дәм дәрігерлері күніне 4–5 рет жемістер мен көкөністерді жеуге кеңес береді.
Біз енді жүкті әйелдерге міндетті түрде жеу қажет тағамдар мен жеміс-жидек, көкөністерге тоқталсақ.
Жидектер. Құлпынай, қарабүлдірген, таңқурай, қарақат. Морс, компот, кисель жасаңыз, мұздатылған немесе балғын түрінде жеңіз. Күнделікті ас мәзірінде болуын қадағалаңыз, сәбиіңіздің иммунитетін арттырасыз.
Ботқа. Тары, жүгері және сұлы жармасының пайдасы зор. Олардың құрамында темір, көмірсу, дәрумендер мен минералдар бар. Мұндай дәрумендер мен минералдар жүктілік кезеңінің жайлы өтуін қамтамасыз етеді.
Сүт өнімдері. Кальцийдің негізгі көзі сүт өнімдері. Жаңа сауылғанымен қатар қышқыл түрі де пайдалы.
Ет. Ақуыз бен темірге, В дәруменіне бай. Ал май мен консерванттары көп шұжықтардың (колбаса, сосиска) қай-қайсынан да бас тарту қажет. Ет қана болашақ аналарға көп күш береді.
Балық. Жүйке жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін Д дәруменін құрамында сақтайды. Болашақ анаға баланың ми қатпарларының дамуына қажетті ақуыз бен омега-3 бар майшабақ, скумбрия, хамса балық, бахтах балықтарын жеу ұсынылады.
Жүктіліктегі зиянды әдеттер
Бұлар: темекі тарту, арақ-шарап, сыра ішу, наша пайдалану.
Негізінен, жүктілік кезінің алғашқы 3 айында баланың барлық ағзалары қалыптасады, қол-аяқ, бас, жүрек, бауыр, барлық ішкі ағзалардың бәрі де алғашқы 3 айда қалыптасады. Сол бастапқы 3 айда анасы зиянды әдеттерге барса, баланың бір ағзасының дамуына өзгерістер болып, бала дүниеге ақаумен туылуы мүшкін.
Сондықтанда алғашқы 3 айда анасы ешқандай аурумен де сырқаттанбауы қажет. Мүмкіндігінше, дәрумендерді молынан пайдаланып, зиянды әдетке бармай, ұйқысы жақсы болып, жүктілік барынша жағымды өтуі керек. Ал қалған 6 айда алғашқы 3 айда қалыптасқан баланың ағзаларының жетілуі өтеді. Анасының анемиясы да кері әсерін тигізбей қоймайды.
Жүктілік кезіндегі тұмау
Жүкті әйелдерге дәрігерлердің: «Саған тұмауратуға болмайды» дейтінін жиі естиміз. Тұмау бұл кезде өте қауіпті дерт.
Температура көтерілгенінде. Тұмаудың вирусынан дене температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі. Бұл – ананың ғана емес, құрсақтағы баланың денсаулығы үшін де қауіпті. Мұндайда температураны түсіру үшін дәрігердің кеңесінсіз, өз бетіңізше дәрі қабылдауға болмайды. Жүкті әйелдерге, әдетте, дәрігерлер дәрілердің балаларға арналған дозасын жазып береді. Сондықтан да кез келген дәріні іше беруге болмайтынын ескеріңіз. Әсіресе, құрамында аспирин бар дәрілерге жоламаңыз. Тұмау кезінде мейлінше көбірек сұйықтық – таңқурай, мүкжидек, итбүлдіргеннің тұнбасын ішіңіз. Мұндайда дәрілерден гөрі халықтық медицинаға жүгінгеніңіз жөн. Тамағыңыз бен мұрын қуысын булаңыз және тұзбен шайыңыз.
Тұмауратқанда ағзадағы С дәруменіне деген сұраныс артады. Сондықтан құрамында осы дәрумен бар тағамдарды көбірек қабылдаңыз. Орамжапырақ салатын, алма жеңіз, лимонмен шай ішіңіз. Сонымен қатар, бөлме ауасының 22 градустан көтерілмеуін қадағалаңыз, ауық-ауық есік-терезені ашып, бөлмені желдетіп алу керек. Ауа құрғап кетпеуі үшін орамалды сулап, іліп қою да артық емес.
Жөтел кезінде. Егер құрғақ жөтел болса, қақырықты түсіретін арнайы сироптарды да тек дәрігердің нұсқауымен қолданыңыз. Сондай-ақ орамалмен оранып, тамақ-мұрныңызды булаңыз. Аяғы ауыр әйелдерге аяғын ыстық суға салуға, табанына қыздыратын майлы жақпалар жағуға мүлде болмайтынын есіңізден шығармаңыз. «Боржоми» минералды суы мен сүтті араластырып ішу де жөтел кезінде жақсы көмектеседі.
Бас ауырғанда. Егер жүрек айнуы мен құсу болмаса, бас ауруы бала денсаулығына үлкен қауіп төндірмейді. Сондықтан оған аса алаңдамаған жөн. Басыңызға массаж жасаңыз. Уайымға берілмеңіз, мейлінше көбірек демалу қажет. Бас ауруын қою шай немесе кофе ішіп қойдыруға талпынбаңыз. Мұның пайдасынан зияны көп. Және бас ауруын жоятын дәрі ішуге де болмайды.
Жүктілікте гормондардың өзгеруі
Бұл болып тұратын құбылыс. Сол кезде қорғаныс күші азайған әйел ағзасында цистит тәрізді ауру да байқалады.
Цистит – қуықтың қабынуы. Жүктіліктің алғашқы кезеңінде орын алады, ол заңдылық. Себебі, гормондар өзгеріп, ағзаның қорғаныс күші әлсірейді де, иммунитет төмендегенде қуық жолдарында инфекциялар белсенді түрде көбейіп, дерт қоза бастайды. Дәл осы кезеңдерде әйел ағзасындағы өзге ескі дерттер де «оянады». Жүктілік кезіндегі циститтің белгілері мынандай:
* Кіші дәретке отырғанда зәр шығатын жолдар ауырады.
* Іштің төменгі бөлігі ауырып, мазалайды.
* Зәрге қан араласып шығады.
* Дене қызуы көтеріледі.
Профилактика үшін: цистит дертінің жоғарыдағы белгілері байқалса, уақыт өткізбей дәрігерге қаралыңыз. Зәрді сақтап жүре бермей, жүйелі түрде босатып отырыңыз. Суықтан сақтанып, қажетті мөлшерде сұйықтық ішіп, жеке бастың гигиенасына көңіл бөліңіз. Іштің қатуы тәрізді дерт мазаласа, жеміс-жидектерді балғын түрінде қабылдаңыз.
Циститтегі емдәм. Жүкті әйелдің мұндай дертте қатты тағамдардан тартынғаны, дене қызуы көтерілгенінде тек су ішуі қажет. Және де таңертеңнен кешке дейін әрбір екі сағат сайын қайнаған суға 1 шай қасық лимон шырынын арластырып, 60-млнан ішкен де дұрыс. Бұл зәр шығаруды жеңілдетеді, цистит кезінде қанды тоқтатады.
Дене қызуы қалыпты болған жағдайда көкөністердің шырынын (мәселен, сәбіз шырынын бірдей мөлшерде сумен араластырады) ішкен пайдалы. Қияр шырынының да зәр шығаратын қасиеті болғандықтан, бір шыныаяқтан күніне 3 рет қияр шырынына 1 шай қасық бал мен лимон шырынын араластырып қабылдайды.
Циститтегі халық емі. Бұл қарапайым да зиянсыз әрі қымбат емес.
* Шалқан шырынын 5 минут отқа қайнатып, 1–2 ас қасықтан қабылдайды.
* Самырсын жаңғағын (кедровые орех) балмен араластырып жейді. Бұл бүйректі, қуық жолдарын тазалайды, зәрді ұстап тұруда күш береді.
* Ұнтақталған итмұрын тамырының екі ас қасығын бір стақан қайнаған суға салып, 15 минут қайнатып, кейін екі сағат тұндырып, сүзгіден өткізеді. Күніне 4 рет жарты стақаннан тамақ алдында ішеді.
* Итбүлдірген (брусника) жапырақтарының қайнатпасы. Екі шай қасық жапырақты бір стақан суға салып, 15 минут қайнатып, салқындатады, сүзгіден өткізеді. Циститке, нефритке шалдыққан адам күні бойы аз-аздан жұтымдап ішіп жүреді.
* Мыңжапырақ шөбінің тұнбасы. Екі шай қасық шөпті бір стақан қайнаған суға салып, 1 сағат тұндырып қояды да кейін сүзгіден өткізеді. Күніне 1/4 стақаннан 4 рет тамақтан бұрын ішеді.
Іштегі сәбиді анасының аялауы
Сылап-сипаудың кереметтігін бала анасының ішінде жатқанда-ақ сезіне бастайды. Себебі, нәресте – өз терісі арқылы әлемнің қаншалықты өзіне жақын екендігін сезінеді және түсіне бастайды, дейді мамандар. Уақыт өте келе «терісі арқылы» жанында жақсы адамның тұрғандығын біледі, жақындары мен туыстарын құшақтап жақсы көреді. Тіптен, іште жатқан шарана анасы сыртынан аймалағанда оның жылулығын да сезінеді. Қолмен анасы ішін сипауды доғара бастаса, «Менің сүйікті анам қайда?» – деп дабыл қағады, бойын қорқыныш сезімі билейді.
Сезіну кезеңі. Іштегі алты апталық баланың ерні түйсінуге қабілетті. Жүктіліктің тоғызыншы аптасында иек пен қолдары жанасқан нәрсені сезінеді. Оныншы аптада бұл сезімталдықтар артады да, 12 аптада шарананың бүкіл денесіндегі сезімталдығы қалыптасып бітеді. Егер іште егіз бала жататын болса, алғашқы тоқсанда бір-бірімен тілдеседі. Тілдесу, қарым-қатынас нәтижесіндегі белсенділіктен дамиды. Соңғы тоқсанда олар іште жатып жиі қимылдайды да, денелеріне қол тигізеді. Зерттеуші ғалымдар осындай қимыл-қозғалыстар миының дамуына жақсы әсер беретінін айтады. Дүние есігін ашқанда көп нәрсені түсінеді және айналасындағы нәрселерді зерттеуге құштарлығы артады.
Ақпарат көзі. Жаңадан дүниеге келген сәбидің үлбіреген нәзік терісінде миллиондаған жүйке талшықтары бар. Олар айналадағы ақпаратты миға жеткізеді. Кішкентай ғана бөбектер сыртқы өзгерістерді тез байқайды: ауаның температурасы, киім мен жатын заттарының материалын, анасының аялы алақанын. Осы тері денедегі қан айналым мен температураны реттеуге, инфекциямен күрес, зиянды және улы заттардан арылу секілді жұмыстарға қатысады.
Ерекше қабілетке ие жас нәрестенің терісі алайда сезімтал әрі өте жұқа болғандықтан, оны құрғату және зақымдау оңай. Тері зақымдалса түрлі инфекциялардың түсуіне, тітіркенуге, аллергияға бейім келеді. Кеңес: нәрестені аймалап, құшақтаудан – олар ана махаббатына бөленеді әрі өзін қауіпсіз санайды.
* * *
Өмірге адам әкелу оңай емес. Жүкті кезінде аналардың өзін күтіп ұстауына, дұрыс тамақтанып, жақсы демалуына, түрлі стрестерге ұшырамауына, қолайлы жағдайда өмір сүруіне өзі де, күйеуі де, отбасындағы басқа да адамдардың айрықша көңіл бөліп, жан-жақты көмек көрсеткені дұрыс. Мінеки, сондай жағдайда нәрестенің дені сау, ақыл-есі дұрыс әрі көрікті болып өмірге келуіне жарқын жол ашылады.

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

Дочь Началовой выбрала профессию

"КТО ВЕРБОВАЛ ВАЗ?" Сенсация про дела журналистов Голунова, Сафронова, Зеленского.

Сарказм над Малевичем и отпечатки пальцев Фешина: выставка «Авангард. На телеге в XX век»

В России побиты три десятка суточных рекордов максимальной температуры воздуха

Музыкальные новости

Сергей Собянин. Главное за день

Сергей Кириенко: День молодежи – день патриотического воспитания

Клуб Хабиба Нурмагомедова в Дагестане оцеплен. Там проходят обыски в связи с недавней террористической атакой

СЛД «Москва-Сортировочная» филиала «Московский» компании «ЛокоТех-Сервис» оказывает содействие студентам Высшей инженерной школы

Новости России

Новый руководитель Евросоюза

В Тульской области вырос экзотический сад размером с Красную площадь

Посол РФ: создание российской военной базы в ЦАР остается в повестке переговоров

Центр Пскова закрыли для транспорта в связи с проведением музыкального фестиваля

Экология в России и мире

Дети Азии приняли директоров крупнейших цирков - Театр и Цирк, Культура и Концерт - Россия и Дети

Витаводород — живая мыслящая материя, основа жизни на Земле

«585*ЗОЛОТОЙ» посчитала, сколько тратят на покупку солнцезащитных очков к лету в Ростове-на-Дону

Что такое мастопатия и можно ли от неё избавиться

Спорт в России и мире

WTA "кинул" Рыбакину и Швентек

Медведев проиграл Джоковичу на выставочном турнире перед Уимблдоном

Тарпищев: не стоит переоценивать победу Касаткиной на турнире WTA в Истборне

Российские теннисисты Хачанов и Самсонова отказались от участия в ОИ‑2024

Moscow.media

Состоялась церемония вручения премии Men Today Trends

После отказа Microsoft от Windows 10 обновлять ОС будет другая компания

Городские приметы Петербурга

Комментировать олимпийские игры будет ИИ-клон 79-летнего диктора Эла Майклса











Топ новостей на этот час

Rss.plus






Фаервумен загорелась во время празднования Дня молодежи в Люберцах

Посол в ЦАР рассказал о переговорах по созданию в стране военной базы РФ

Россия заработала миллиарды долларов на санкциях Запада

Поссорить Москву и Пекин. Германия начала шантажировать Китай