Астанада Европалық тілдер күндері мерекесі аясында Zweierpasch / Double Deux франко-неміс хип-хоп тобы өнерін көрсетті.
Шараны Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьен мырза және Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып Рольф Мафаэль мырза ашты.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, аталмыш топтың шығармашылығы Европаның лингвистикалық және мәдени жандануына ықпал етеді.
«2 дауыс – 2 тіл» ұранын ұстанатын егіз бауырлар Тиль және Феликс Нойманндар мәдени алмасуға өздерінің сөздері француз және неміс тілдерінде аралас жазылған әндері арқылы ықпалдасады.
Дуэт Қазақстанда қазан айының 15-22 аралығында болады.
Европалық тілдер күні EUNIC бастамасы болып табылады.
EUNIC – Еуропа одағына мүше елдердің халықаралық мәдени ұйымдарының қоғамдастығы. 2006 жылы құрылған қоғам 26 елден өкілдік ететін 30 мүшеден құралады. EUNIC мүшелері 150-ден астам елде жұмыс істейді. Олардың құрамында 2000-нан астам бөлімше бар. Олар өнер, білім, мәдениет арасындағы сұхбат, жастарға қолдау көрсету және дамыту саласында жұмыс істейді.