ҚР Ұлттық музейінде Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Менің анам» балалар көркемсурет көрмесі ашылды.
Ұлттық музейдің педагогика және балалар шығармашылығы бөлімінің эстетикалық тәрбие беру секторы ұйымдастырып жатқан шараның басты мақсатыталантты балалардың шығармашылық жұмыстарын жалпыға таныстыру арқылы олардың эстетикалық тәрбиесін дамыту.
«Шебер» студиясының «Кескіндеме және графика» үйірмесінде дәріс беріп жүрген ҚР суретшілер Одағының мүшесі Мұхтар Байбосынов көпшілік назарына ұсынылған суреттерге жоғары баға бере келе, балаларға шығармашылық табыстар тіледі.
⦁ Көпшілік назарына ұсынылған суреттер балалардың жүрегінен шыққан туындылар. Арнайы көрме қонақтары үшін әр түрлі тақырыптарды қамтуға тырыстық. Бұл балалардың үлкен болашағы бар деген сенімдемін.Себебі өте талантты. Бірінен бірі озып тұр. Шығармашылық табыстар тілеймін, - деді М.Байбосынов.
Айта кетейік, «Кескіндеме және графика» үйірмесі 2015 жылдың маусым айынан бері қарай жұмыс істеп келеді.
Көрмеге жалпы саны 40-қа жуық жұмыс қойылған. Олардың басты тақырыбы бейбітшілік пен бақытты балалық шақ, баланың анаға деген махаббаты, сый-құрметі.