Жабир бин Абдуррахман радиаллаһу анһ бір түс көреді де, түсінің үрейімен таңды әрең атырады. Таң намазына мешітке келген бойда хазреті Әлидің радиаллаһу анһ жанына барады.
Намаздан кейін хазреті Әлиге: «Йа Әмир-ул муминин, бір түс көрдім, түсімнен қорқып ояндым, осы түсімді жорып бересіз бе?! Түсімде үлкен үлкен сиырларды көрдім, олар кіші сиырларды сауып жатыр еді. Құрғап, кеуіп кеткен дарияларды көрдім, бірақ айналасы жап-жасыл еді. Мешіттер көрдім михрабтары мен күрсілерінде пұттар бар еді» дейді.
Мұны естіген хазреті Әли жылай бастады. «Бұл түсіңдегі көргендерің, осы үмбеттің соңғыларының басына келетін пәлекеттерге ишара.
Бірінші белгі — мансап иелері, жоғары лауазымдағы адамдар пара алмастан жұмыс істемейтін...