Түстің жорымы әңгімесі. Жабир бин Абдуррахман радиаллаһу анһ бір түс көреді де, түсінің үрейімен таңды әрең атырады. Таң намазына мешітке келген бойда хазреті Әлидің радиаллаһу анһ жанына барады.
Жабир бин Абдуррахман радиаллаһу анһ бір түс көреді де, түсінің үрейімен таңды әрең атырады. Таң намазына мешітке келген бойда хазреті Әлидің радиаллаһу анһ жанына барады.
Намаздан кейін хазреті Әлиге: «Йа Әмир-ул муминин, бір түс көрдім, түсімнен қорқып ояндым, осы түсімді жорып бересіз бе?! Түсімде үлкен үлкен сиырларды көрдім, олар кіші сиырларды сауып жатыр еді. Құрғап, кеуіп кеткен дарияларды көрдім, бірақ айналасы жап-жасыл еді. Мешіттер көрдім михрабтары мен күрсілерінде пұттар бар еді» дейді.
Мұны естіген хазреті Әли жылай бастады. «Бұл түсіңдегі көргендерің, осы үмбеттің соңғыларының басына келетін пәлекеттерге ишара.
Бірінші белгі — мансап иелері, жоғары лауазымдағы адамдар пара алмастан жұмыс істемейтін...