Тұрмысқа шықпаған, ақылына көркі сай, өте бiр сұлу қыз медреседе білім береді. Бір күні əріптестері одан не үшін осындай сұлу, тəрбиелі бола тұра тұрмыс құрмай жүргенін сұрайды.
Жауап ретінде ұстаз қыз, мына оқиғаны баяндайды:
— Баяғыда бір əйелдің бес қызы болған екен, әйелі алтыншысына аяғы ауыр кезде күйеуі, осыдан тағыда қыз туатын болсаң көзін құртамын дейді. Хақтың ісі, әйел тағы да қыз босанады. Күйеуі қызды алып таң намазында, мешіттің есік алдына қойып кетеді. Күн бата, құптан намаздан соң қараса, қызды ешкім алмаған. Амал жоқ қайта алып келеді. Дəл осылай бір аптаға жалғасады, нəтиже болмаған соң өздерінде қалдырады.
Жылдар өтіп, әйелі...