Бұрынғы өткен заманда Қаһар деген бір хан өзінің бас уәзірімен бірге келе жатқанда төбелерінен бір қаз «қаңқ, қаңқ» деп ұшып кетіпті. Мұны естіген хан жанындағы келе жатқан уәзіріне:
— Мына қаз «не деп» келеді? Осыны тап, таппасаң — басыңды аламын! — дейді.
Уәзірі қайдан тапсын. «Обай, тақсыр, маған үш айдың уақытын беріңіз. Егер таппасам, басымды алуға қарсы болмаймын» деп жалынған соң, Қаһархан үш айдың ұлықсатын береді.
Уәзірі ары ойлап, бері ойлап, еш нәрсе таба алмай, басы айналып сандалған соң, болған оқиғаны қызына айтады.
— Қарғам өзің білмесең, ана ханның қызы екеуің доссың ғой. Сол білуі мүмкін. Не дегенін шештіріп, әкеп...