Есер мен есті ертегісі. Есер мен есті туралы ертегі. Бұрынғы уақытта бір хан болған, оның бір ақылды уәзірі болған. Ханның да және уәзірдің де бір күнде әйелі жүкті болып, бір күнде босаныпты. Хан мен уәзір баласы дүниеге келген соң, дос болу үшін: «Емшектес, қарындас болсын!» — деген оймен, ханның баласын уәзірдің әйеліне еміздіріп, уәзірдің баласын ханның әйеліне еміздіріпті.
Бұрынғы уақытта бір хан болған, оның бір ақылды уәзірі болған. Ханның да және уәзірдің де бір күнде әйелі жүкті болып, бір күнде босаныпты. Хан мен уәзір баласы дүниеге келген соң, дос болу үшін: «Емшектес, қарындас болсын!» — деген оймен, ханның баласын уәзірдің әйеліне еміздіріп, уәзірдің баласын ханның әйеліне еміздіріпті.
Ханның баласы өскеннен кейін, анасы дүниеден өтіпті, хан екінші әйел алыпты. Ол екінші әйелі ханды қарт көріп, көңілі толықпай, ханның үлкен әйелінен қалаған балаға ғашық болып жүреді екен. Алайда өзінің ғашықтығын білдіруге ылажын таба алмайды, бір күні ханның баласы мен уәзірдің баласы екеуі саржа атып ойнап жүргенде, хан баласының атқан оғы...