Аңызға айналған Атымтай ертегісі. Аңызға айналған Атымтай туралы ертегі. Ертеде кедей-кепшікке, жетім-жесірге барынша көмек көрсетуімен, қайырымдылығымен аты шыққан Атымтай деген адам болған екен. Әйтеуір тұрмыстан қағажу көріп киер киімге, ішер асқа жарымай келген жарлы-жақыбайлардан барын аямай риза етіп жіберетін көрінеді. Сол себепті Атымтай жомарт атанып, ел арасына атағы кең тарапты. Туған ағасы бір күні шешесіне келіп:
Ертеде кедей-кепшікке, жетім-жесірге барынша көмек көрсетуімен, қайырымдылығымен аты шыққан Атымтай деген адам болған екен. Әйтеуір тұрмыстан қағажу көріп киер киімге, ішер асқа жарымай келген жарлы-жақыбайлардан барын аямай риза етіп жіберетін көрінеді. Сол себепті Атымтай жомарт атанып, ел арасына атағы кең тарапты. Туған ағасы бір күні шешесіне келіп:
— Атымтайдың жомарт деген атағы елге әйгілі болды. Мен де жомартпын, менің атым неге шықпайды? — деген екен.
Сонда анасы:
— Атымтай туа жомарт болды, — депті. Қос емшегімнің бірін басқа балаға емізбесем, ол ембей жылайтын. Сондықтан қос анарымның бірін бөтен балаға ұсынуға мәжбүр болатынмын. Ал сен болсаң, бір емшегімді сорып жатқанда, екіншісін...