Жастардың жаһандық мәселеге қызығушылығын оята отыра, тұлғалық дағдыларды қалыптастыратын «YAMUN» облыстық конференциясы биыл Ыбырай Алтынсаринның білім ордасында бесінші рет өткізілді. 2020 жылдан бастау алған бұл конференция БҰҰ-ның оқушылар арасындағы моделі болып табылады. Ең алғаш рет бұл конференцияны 2020 жылы мектеп түлектері Ы. Алтынсарин атындағы ММГИ-дың 135 жылдығына орай өткізсе, көзді ашып-жұмғанша биыл «YAMUN-2024» мектептің 140 жылдық мерейтойына арналды.
Қостанайдың әр бұрышынан 120-дан астам қатысушы тіркеліп, өзінің жаңа қырларын ашуға мүмкіндік алды. 8 комитет те қазіргі уақыт ағымында өзекті тақырыптарға бағытталды және 3 тілде өтті. Атап айтқанда, «Әйел құқығы комитеті», «Адам құқығы комитеті», «Комиссия по разоружению», «Экономический и социальный совет», «Совет по социальным, гуманитарным вопросам и вопросам культуры», «Economical and Social Committee», «The Social Humanitarian and Cultural Committee», «The UNEP». Барлық...