Баршамызға мәлім Нұх алейһиссаламның қауымы жер бетіндегі алғашқы апатқа ұшыраған қауым еді. Оның қауымы Аллаһқа серік қосып, өз араларынан шыққан танымал кісілер өлген соң оларға құрмет ретінде ұмытпау үшін уақыт өте мүсіндерін жасап, оларға тағзым етіп, соңында құдайға айналдырып, табынуға көшеді. Аллаһты қойып, өз қолдарымен құдай жасап, Хақ та’алаға серік қосып, шектен шығады. Аллаһу та’ала азғындаған қауымды тура жолға салу үшін Нұх алейһиссаламды пайғамбар етіп жіберді. Ол өз қауымын Аллаһқа иман етуге, азғындықтарын тоқтатуға шақырды. Бірақ қауымы оны қабылдамай, керсінше оны мазаққа айналдырып, азғындықтарын жалғастырды. Олар иман ету былай тұрсын Нұх алейһиссаламды жынды деп жала жабумен қатар, қысым көрсетуге дейін...