Марал ишан туралы әңгіме. Бірде Марал ишан елді жинап, тамақ бермекші болады. Оның мұнысына күмәнмен қараған кейбіреу: «Қайдағы ас, кедейде мал болушы ма еді? — деп кеміте әрі қасиетіне күмән келтіре сөйлейді. Бұл әңгіме қызды-қыздымен ишанға жетеді.
Бірде Марал ишан елді жинап, тамақ бермекші болады. Оның мұнысына күмәнмен қараған кейбіреу: «Қайдағы ас, кедейде мал болушы ма еді? — деп кеміте әрі қасиетіне күмән келтіре сөйлейді. Бұл әңгіме қызды-қыздымен ишанға жетеді.
Содан Марал 12 тай қазанға толтыра су құйғызып, астына от жаққызады. Ел жиналып қалған. Бәрі аң-таң. «Қазанға салатын ет қайда» дегендей, аңтарылды кеп. Марал ишан көмекшілеріне: «Ана қырдың астындағы малдарымды осында айдап әкеліңдер», — деп бұйырады. Сөйтіп тұрғанда төбенің ар жағынан ағараңдап киіктер көрінеді. Көмекшілеріне тағы да: «Сойып, қазанға етін салыңдар, бірақ сүйегін ешкім кемірмесін және дастарханның үстіне қалдырсын», – деп ескертеді. Тамақ желінеді. Дастарханнан шыққан сүйек-саяқтарды...