Құрбақаны ыстық суға лақтырса, не болады? «Бұл жер ыңғайсыз, дереу бұл жерден кетуім керек» — деп құрбақа жылдам шешім қабылдайды да тездетіп судан тысқары секіріп кетеді. Ал егер дәл осы құрбақаны салқын суға салып, астынан баяу от қойса ше? Құрбақа әлсірей бастайды. Судың жылуын сезе бастаған құрбақа: «маған кішкене жылулық артық етпес» — деп ойлап, рахаттанып жата береді. Ал бұл оқиға сумен бірге қайнап, құрбақаның пісіп кетуіне әкеледі.
Әңгімеден түсінгеніміздей, ақиқатында, бұл өмірде барлығы кішігірім нәрседен басталып, жинала береді. Қарыздар, күнәлар, артық салмақ, денсаулықтың нашарлауы, білім, ауқаттылық. Күнделікті ұсақ-түйекті жете бағаламауға болмайды. Дүниенің алма-кезек екендігін әсте естен шығармаған абзал!