Алып анадан туады, кейде Абайдай ұлы адамның болмай жатқаны,мүмкін, Зередей әжелердің жоқтығынан болар...
Әйел-ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Бұл ұғым қазақ қоғамындағы әйел адамның рөлін көрсетеді. Қазақ отбасында қашаннан ер азығы түзде болғандықтан,бала тәрбиесімен әйел адамы айналысқан. Соның бір көрінісі Зере әжемізбен Ұлжан анамыз. Атақты батыр Бауыржанның өзі, соғыс уақытында Абай жолын оқып, Зере мен ұлжан аналарымыздың өнегесіне тәнті болып, олар тек Абайдың ғана емес, барлық халықтың анасы деуі тегіннен тегін емес. Бала тәрбиесі тал бесіктен басталатыны анық, үй соққанда оның ең алғашқы іргетасы дұрыс қалаңбаса,үйдің берік болатынына сену өте қиын,сондықтан да дана халқымыз ел болам десең,бесігіңді түзе деген екен. Баламен де дәл солай,оның бойына дарыған ананың аппақ сүті,жастайынан...