— Сен алмаған жау болмады, сен жүрмеген жер болмады, сенде де арман бар ма екен? — депті.
Қабанбай кәртейген тұсында ел азаматы келіп көңілін сұрап:
— Сен алмаған жау болмады, сен жүрмеген жер болмады, сенде де арман бар ма екен? — депті.
— Армансыз кісі бола ма екен, арманымды айтып берейін, естіңдер, — деп сөз бастайды.
— Мен он жеті жасымда ат жалын жаңа тартып мінген кезім еді, қырық жігіт жолдас алып қырғыз деген елге бардым да біраз ғана мал алып жөнелдік. Малды айдатып жіберіп, өзім қуғыншы келе ме деп қарауылдап артында қала бердім. Артымнан шаң шықты. Шаңға қарасам, жаңғыз кісі екен бұрын жетіп-ақ қалды. Қарасам, өзім секілді жас жігіт екен. Келе сала найзамен желкемнен түйреп, аттан...