Адал Дос бола білу адамгершіліктің үлкені.
Адамның адам болуы ата-ананың тәрбиесінен бастау алып,айналасындағы достарымен есептеледі.Ал достық дегеніміз ұлы сезім.Дос болу деген күні түні сөйлесіп бір-бірінің қасында жүру емес. Дос болу қазіргі сәттің қызығы үшін бірге ойнап күлу емес.Дос болу бір-бірінің абыройын аяққа таптап біз ойын көтереміз деп мәз болу емес.Қазіргі замандағы достың қадірі ұмытылып бара жатыр деп айтудан аулақпын ,бірақ ұмытып бара жатқан адамдар жетерлік... Білесіз бе? Достық,дос бола білу деген қандай жағдай болмасын бір-бірін түсіне білу.Өз досының бар болмысымен қабылдап қана қоймай түзу жолға түсу үшін екі жақтың да бірге әрекет етуі. Өзгелердің көзінше жамандығын жасырып,жақсылығын асыру. Қандай да бір қателігі болса күліп...