Қойлыбай Шағырайдың қойлы байының баласы. Әкесі қойлы бай болған күнінде ақ патшадан отыз орыс Абылай ханға елшілікке келген. Қар жауып, қыс түсіп кеткен соң:
— Осы отыз мейманды бірінен-бірін айырмай, бөлектемей, ала қыстай күтіп, аман-есен аттандыруға қайсың қонаққа аласың? — дегенде, Қойлыбай бай:
— Өмірінше боламын десе де біздікінде болсын, — деп, Құдайдың құтты күні бір ақ-қара бас қой сойып күтіп, қыстан ашықтырмай, тарықтырмай шығарған екен.
Ақ патшаға барған соң:
— Қазақ жұртының бір-біріне сыйының алды не болады екен? — деп сұрағанда:
— Қазақ рәсімінде «жетім» болады екен, — деген соң, Қойлыбайға бір қыз жіберген екен және ит терісіне алтындатып...