Ашаршылық жылдарға шолу
XX ғасыр кезінде қазақ халқының басына түскен ең үлкен ұлттық апат - Ашаршылық. Сол кездегі бүкіл әлемді жаулаған аштық Қазақ даласын да айналып өткен жоқ. Қаншама ананы баласынан, баланы ата-анасынан айырған жұт болды.
Қазақ даласында екі үлкен аштық ел есінде қалған. Бірі 1921-1922 жылдардағы ашаршылық болса, екіншісі 1930-1933 жылдардағы ашаршылық. Екі кезеңде де біз қаншама халықтан айырылдық. Қазақ даласы тіптен қаңырап қалды десек артық емес. Ашаршылық кезеңінде ең көп зардап шеккен Ауыл халқы болып есептелінді.
Ашаршылықтан қазақтардың үштен бір бөлігі ғана қалған деп те айтып жатады. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін аштық жылдары толық зерттеле бастады. Ал оған дейін, Ресейдің құрамында болғанымызда...