Ал сіздің феминизм туралы ойыңыз қандай?
Феминизм ол не?...
Бұл сөзді естімеген жан жоқ шығар, сірә, бірақ оның түпкі мағынасын көпшілігі түсіне бермейді. Соның нәтижесінде, бұл түсінік жайлы теріс пікір қалыптасып кеткен. Менің жеткізгім келіп отырған ойым да осы мақсатта болмақ. Бұл тақырыпты көтеруге түрткі болған - қазір қоғамда әйелге күш көрсету, сондай-ақ, отбасылық зорлықтың құрбаны болған әйел адамдарды қолдау немесе көмек көрсету ретінде бейресми қозғалыстың пайда болғанын байқап жатырмын. Қоғамдағы феминизмнің деструктивті идеяларының дамуына жол бермеу үшін мәдениеттанушы ретінде оның негізгі идеясын түсіндіруге өзімді міндеттімін деп есептеймін. Ең алдымен, феминизм түсінігіне анықтама беріп кетсем, ол – барлық әйелдер нәсіліне, жасына, бағытына, әлеуметтік...