Hyperloop-ты жасау идеясы 2029 жылға қарай Лос Анджелес пен Сан-Францисконы жалғайтын жылдамдығы жоғары темір жол салу жөніндегі үкіметтік жобаға жауап ретінде пайда болған. Жылдамдығы жоғары дегеніміз - 200 миллион асатын жылдамдық. Үкімет жобасы 68,4 млрд.долларға бағаланған болатын.
Илон Маск Hyperloop туралы алғаш рет 2012 жылы Санта-Моникадағы PandoDaily іс-шарасында Сара Лэйсиге берген сұхбатында айтқан болатын. Кәсіпкер, жаңа көліктің ұшақтан екі есе және ең жылдам пойыздан 3-4 есе жылдам болып, Лос-Анджелестен Сан-Францискоға(561 шақырым) бар болғаны 30 минутта жетуге болады деп жариялаған еді. Одан кейін Маск аты шулы мәлімдеме жасап, жобаның California High-Speed Rail атты үкіметтік жобадан 10 есе арзан болатынын; көліктің ешқандай...